Күзгі таланттар мерекесі

19.10.2026

15.10.2026 жыл «Жалел Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылық колледжі» КМҚК «Берёзка» жатақханасында «Күзгі таланттар мерекесі» атты күзгі балл өтті. Игі шараны екі жатақхананың тәрбиешілері: «Берёзка» жатақханасынан С.А. Аманова мен «Юность» жатақханасынан З.Р. Егизбай ұйымдастырып өткізді. Мереке жылы әрі достық атмосферада өтті. Қатысушылар қызықты өнер көрсетіп, шығармашылық нөмірлер, музыкалық құттықтаулар, ойындар мен конкурстар дайындады. Зал күз стильінде безендіріліп, ерекше көңіл-күй мен жайлылық ұялатты.

Студенттер конкурстарға зор ықыласпен қатысып, өз таланттарын, артистизмі мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Мереке барлық қатысушылар мен қонақтарға мол жағымды эмоция, күлкі мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Күзгі балл студенттер үшін өздерін танытуға, бір-бірімен араласып, уақытты қызықты әрі көңілді өткізуге тамаша мүмкіндік болды. Шара жоғары эмоционалды деңгейде өтіп, барша қатысушылардың жүрегінде жылы әсер қалдырды.

Мұндай шаралар достықты, ұжымның ауызбіршілігін нығайтуға ықпал етеді және жатақханада өзара түсіністік, шығармашылық пен қуаныш атмосферасын қалыптастырады.



Текст
Виртуальная приемная